19 сәуірде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН
9.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде шағын және орта бизнесті дамыту және экономика салаларын білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселелері қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.
9.00-да М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінде Еуропалық Одақ Кеңесінің жұмысын ынталандыру мақсатында ойындар өтеді. Студенттер Еуропалық Одақтың жиырма жеті елінің экология министрлері рөлінде бақ сынайды. Олар жаһандық экологиялық күн тәртібінің бір бөлігі саналатын өзекті тақырыпты талқылайды.
10.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан тұрақты даму саласындағы жаһандық күн тәртібін іске асыру барысы туралы екінші ерікті ұлттық шолу әзірлеп жатыр» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер: БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Виталий Времиш. Қазақстанның Азаматтық Альянсының Президенті Бану Нұрғазиева, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әлихан Абақанов, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ТДМ жөніндегі Хатшылық директоры Бақытгүл Хамбар. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz , https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.
16.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтеді.
16.00-де «Бірлестіктер бостандығы құқығы» тақырыбында №10 дәріс өтеді. Бұл дәрісті Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның Қазақстандағы директоры Евгений Жовтис өткізеді. Онлайн-отырыс ZOOM платформасында өтеді. Қатысу үшін төмендегі сілтемеге өту қажет:
19.00-де «Жастар» театрында Сая Қасымбектің «Лифт» психологиялық драмасы көрсетіледі.