19 тамыз. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 19 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.

19 тамыз. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

19 тамыз, СЕЙСЕНБІ Бүгін - Ауғанстанның Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1919). Ауғанстан - Азияның оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Түрікменстан, Өзбекстан, Тәжікстанмен, шығысында Қытай, Үндістанмен, шығысында және оңтүстігінде Пәкістанмен, батысында Иранмен шектеседі. Астанасы - Кабул қаласы. Мемлекеттік тілі - пушту, дари тілдері. Ақша бірлігі - афгани.

Қазақстан мен Ауғанстан мемлекеті арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы ақпанның 12-інде орнатылды. Бүгін - Бүкіләлемдік гуманитарлық көмек күні. БҰҰ Бас Ассамблеясы 2008 жылғы 11 желтоқсанындағы арнайы 63/139 қарарымен жариялаған.

Оны 2009 жылғы 5 наурызда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы (A/RES/63/139 қарары) жариялады. Тамыздың 19-да атап өтіледі. 2003 жылы осы күні БҰҰ-ның Бағдаттағы штаб-пәтеріндегі жарылыстан 22 адам қаза болды. Соның ішінде, БҰҰ-ның көрнекті қайраткері Сержиу Виейра ди Меллу де бар. 2009 жылы атап өтілген Бірінші Бүкіләлемдік гуманитарлық көмек күні басқаларды құтқару кезінде қаза тапқандарды еске алуға арналды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

22 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымына 180-ші мемлекет болып кірді.

16 жыл бұрын (1998) Алматыда композитор, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

10 жыл бұрын (2004) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Туған жер» республикалық қоғамдық бірлестігін құрды. Мақсаты - ауыл экологиясының мәселесін шешу, қазіргі ауылдық инфрақұрылым құру.

11 жыл бұрын (2003) Оралда Батыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарының бірінші конференциясы өтті.

9 жыл бұрын (2005) Өскеменде Үлбі өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің автокөлік қозғалысы ресми түрде ашылды.

Жаңа көпір алты жолақты қатардан тұрады. Бір бағыттағы жолдың ені - 11,5 метр, ал бір жолақтың ені - 3,83 метр. Жаңа көпiр Үлбi көпiрiнен көлiк ағымын жеңілдетті.

7 жыл бұрын (2007Астанада Халықаралық стипендияның иегерлері қатысқан «Болашақ-2007» тұңғыш спартакиадасы болып өтті.

Ұйымдастырушысы - «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ. Шараның мақсаты - стипендиаттар қатарын нығайту және салауатты өмір салтын уағыздау.

5 жыл бұрын (2009) Алматыда ислам негіздері бойынша жасалған мультимедиялық жобаның таныстырылымы өтті.

Бұқараға арналған ақпараттық-танымдық сипаттағы бұл басылымда Исламның 5 қағидасы мен діннің алты қағидасы жан-жақты көрініс тапқан. Әрбір бөлімнің мәтінді, дыбысты және бейне түсініктемесі мен намаз оқудың 3D пішіндегі техникалық сипаттамасы бар. Сонымен қатар Құранның мазмұндық аудармасы, Қадистер топтамасы, дін негіздері туралы еңбектер мен Пайғамбардың өмірі туралы жазылған материалдар топтастырылған. Нақтырақ айтқанда 2,5 сағаттық бейне файлдар, 34 сағаттық дыбыс фрагменттері, 5 кітап пен 100 шақты ғылыми мақала бар. Мультимедиялық бұл жоба жұртшылыққа DVD дискі пішінінде ұсынылып отыр.

ЕСІМДЕР

51 жыл бұрын (1963) алыс қашықтыққа жүгіретін спортшы, жүгіруден халықаралық дәрежедегі спортшы ЖЫЛАНБАЕВ Марат дүниеге келді. Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Ол 20-шы ғасырдың 90-шы жылдарында «Гинестің рекордтар кітабына» жеті мәрте тіркелген. Негізгі мамандығы - суретші. Жыланбаев 12 жасынан жеңіл атлетикамен, велосипедпен, шаңғы спортымен айналысқан. 1990 жылдан өте алыс қашықтықтарға жүгіруді (марафондық жүгіріс) бастап, сол жылы Ресейдің Барнауыл қаласында 85 шақырымды 6 сағат 43 минут 23 секундта жүгіріп өткен. Рекордтар кітабына енуі 23 күнде 23 марафондық жүгірісімен (күніне 42 шақырым 195 метр) басталды. Кейін 15 күнде 30 марафондық, жарты жылда 75 марафондық және бір жылда 226 марафондық жүгіріспен жалғастырды. Еуропаның ең биік шыңы - Эльбрусқа (5642 метр) марафондық жүгіріспен 7 күнде шықты. 20 күнде ұзындығы 1200 шақырымдық Қарақұм, 24 күнде Африкадағы қашықтығы 1700 шақырымдық Сахара шөлдерін кесіп өткен. Сол жылы Австралиядағы Виктория шөлін кесіп өтсе, 1994 жылы АҚШ-тың Невада штатындағы үстінен құс ұшпайтын Мохави шөліне жорық жасап, оны сәтті аяқтады. 1992-1993 жылдары еліміздің таңдаулы 10 спортшыларының қатарына енді.

65 жыл бұрын (1949) «Бекарыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, доцент ЗЕЙНУЛЛИН Аманжол дүниеге келді.

Атырау облысында туған. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Әр түрлі ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп орындарында жауапты қызметтер атқарған. 1992-1994 жылдары Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтында сабақ берген. Ол Батыс Қазақстан облысының саяси-әлеуметтік өміріне белсене араласып, «Қазақ тілі» қоғамының, «Азат» қозғалысының жергілікті бөлімшелерін ұйымдастыруға жетекшілік жасаған. 1997 жылы «Еділ-Жайық қазақтары қауымдастығын» құрып, орыс-қазақ тілдерінде «Еділ-Жайық» газетін шығарған. Оның 20-дан астам ғылыми-танымдық еңбегі жарияланып, мал тұқымын асылдандыруға байланысты зерттеу жұмыстарына 2 авторлық куәлік берілген.

50 жыл бұрын (1964) Еуразия экономикалық комиссиясының көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры БАТАЛОВ Асқар Болатұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы сәулет-құрылыс институтын, Мәскеу менеджмент академиясын бітірген. 1994-1997 жылдары - «Райымбек» фирмасының вице-президенті. 1997-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Инвестиция жөнінідегі мемлекеттік комитетінің бас менеджері. 1998-2005 жылдары - «Қазинвест» қазақстандық инвестицияға жәрдемдесу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, «Қазинвест» жабық акционерлік қоғамының президенті. 2005 жылы мамырда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі болып тағайындалған. 2007 жылдан - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы. 2009 жылдан - жеке бизнесте. Қазіргі қызметінде 2012 жылдың сәуірінен бері істейді. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

59 жыл бұрын (1955) «Базис-А» холдингтік компания басқармасының және Директорлар кеңесінің төрағасы БЕЛОВИЧ Александр Якубович дүниеге келді.

Бішкек қаласында туған. В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын (қазіргі Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті). Еңбек жолын 1974 жылы Қазақ өнеркәсіп құрылысын жобалау ғылыми зерттеу институтында техник болып бастаған. 1976-1992 жылдары - Алматы үй құрылысы комбинаты ҚМБ-2-нің монтаждаушысы, шебері, прорабы, аға прорабы, бас инженері, ҚМБ-3-тің бастығы. 1992-1994 жылдары - «Базис» шағын өндірісінің директоры, «Базис» құрылыс компаниясының президенті. 1994-1996 жылдары - Алматы қалалық әкімшілігі басшысының орынбасары, әкімінің орынбасары. Қазіргі қызметінде - 1996 жылдан. «Құрмет» орденімен марапатталған.

68 жыл бұрын (1946) американдық мемлекеттік және саяси қайраткер, АҚШ-тың 42-ші президенті Билл КЛИНТОН дүниеге келді.

51 жыл бұрын (1963) «Қазақстанның «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы НАУРЫЗБАЕВА Нұрбибі Серікқажықызы дүниеге келді.

Жамбыл облысының Свердлов ауданында туған. 1984 жылы Алматының Халық шаруашылығы институтын қаржы және кредит мамандығы бойынша үздік бітірген. Сонымен қатар, Еуропаның және Қытайдың қаржылық институттарында білім көтеру және тәжірибе жинақтау курстарынан өткен. Өз қызметінде кредит беру және қаржыландыру мәселелерімен айналысты, бірнеше қаржылық және коммерциялық компанияларды/банктерді басқарды. Ұлттық Банкте жұмыс істеген жылдарында Банктік қадағалау департаментін, Бақылау және аудит департаментін, одан кейінгі жылдары - Ішкі аудит департаментін басқарды. Екінші деңгейлі банктер қызметінің халықаралық стандарттарға сәйкестігін қадағалау бойынша нормативтік базаны әзірлеуге белсенді түрде атсалысты. Оның басшылығымен Ұлттық Банктің ішкі аудитінің халықаралық стандарттарға сәйкес келетін нормативтік-әдістемелік базасы әзірленді және енгізілді. 2003 жылдан бастап «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарады, Басқарма Төрайымы және Директорлар Кеңесінің мүшесі. Оның тікелей басшылығымен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ISO 9001:2000 стандарттарына көшкен бірінші қазақстандық банк болып табылады. «Астананың 10 жылдығы» медалімен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталды, «Кредит және лизинг» номинациясы бойынша «Жыл кәсіпкері» ұлттық байқауының жеңімпазы болып танылды. 2011 жылы «Құрмет» орденімен «Қаржы қызметінің үздігі» ведомстволық наградасымен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

47 жыл бұрын (1967) «Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық білім қорының» директоры ҚҰЛЫБАЕВА Динара Нұрсұлтанқызы дүниеге келді. Қарағанды облысының Теміртау қаласында туған. 1989 жылы А.В.Луначарский атындағы Мәскеу мемлекеттік театр өнері институтын бітірген. 1998 жылы ҚМЭБИ-де іскерлік әкімші магистрі дәрежесін алды. 2007 жылы «Халықаралық үлгідегі мектептерде білім жүйесін басқарудың әдістемелік негізі» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. 1998 жылдан «Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық білім қорының» директоры. 2001 жылдан «Қазақтың халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. 2004 жылдан «ҚБТУ» АҚ директорлар кеңесінің төрайымы. «Парасат» орденінің иегері.

66 жыл бұрын (1948) «Назарбаев Университеті» департаментінің бас менеджері ТҰТҚЫШЕВ Бексұлтан Серікбайұлы дүниеге келді.

Қостанай қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген, дәрігер.

-1974 ж.ж. - Қостанай қалалық ауруханасы, дәрігер-травматолог. 1974-1993 ж.ж. - В.И.Ленин атындағы Қостанай облыстық ауруханасы, кеуде хирургиясы бөлімінің хирургы. 1993-1994 ж.ж. - "Медстрах-Гранит" медициналық сақтандыру компаниясы, директор. 1994-1995 ж.ж. - Қостанай облыстық ауруханасы, бас дәрігердің орынбасары. 1989-1993 ж.ж. - Қостанай қалалық халық депутаттары кеңесі, депутат, отбасы істері, жастар, азаматтардың денсаулығын қорғау жөніндегі тұрақты комитеттің төрағасы. 1995, 1997, 2002 ж.ж. - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына Қостанай облысынан депутат болып сайланды. 1998 - 2008 ж.ж. - ТМД елдері Парламентаралық Ассамбелясының мүшесі. 2002-2005 ж.ж. - Тұрғылықты халық және даму жөніндегі Азия форумы төрағасының орынбасары. 2005 г. - 2008 ж.ж. - Тұрғылықты халық және даму жөніндегі Азия форумы Бас хатшысының орынбасары . 2008 жылдың желтоқсанынан - «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ, басқарма төрағасының орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2011 жылдан бері. Медицина ғылымдарының кандидаты, монография, 40 астам ғылыми мақалалар авторы. «Құрмет»,- «Содружества» ордендерімен, ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Алғысхатымен, БҰҰ балалар ұйымы - ЮНИСЕФ ескерткіш медалімен және басқа да медальдармен марапатталған. 68 жыл бұрын (1946) Ұлттық коррециялық педагогика ғылыми-практикалық орталығының бас директоры СҮЛЕЙМЕНОВА Роза Айтжанқызы дүниеге келді.

Гурьев қаласында туған. В.И.Ленин атындағы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтының дефектология факультетін бітірген (1969), көмекші мектептің мұғалімі және логопеді.Педагогика ғылымдарының кандидаты (Мәскеу қ., 1974),докторы (Мәскеу қ., 2001). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға ерте коррекциялық-педагогикалық жәрдем көрсетудің ұйымдастырушылық-технологиялық негіздері» 110 жарияланымның, оның ішінде: «ҚР-дағы балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығы. Мәселелері және болашағы» (1997), «ҚР-дағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға ерте коррекциялық жәрдем көрсету жүйесі:құрылу және даму мәселелері» (2000), «Арнаулы қажеттіліктері бойынша балаларды жалпы білім беру үдерісіне қатыстырудың шетелдік және отандық тәжірибесі. Мәселелері және орындалу жолдары» (2001) кітаптарының, 26 оқу-әдістемелік құралының, 15 мектеп оқулығының, мүмкіншілігі шектеулі балалар мәселелері жөніндегі 63 мақаланың авторы. 1969 жылдан - Түрген қосымша мектептің (интеллектуалды ауытқулары бар балаларға арналған) оқытушы-логопеды.1970 жылдан - КСРО ПҒА дефектология ҒЗИ-ы аспирантурасында оқыған. 1974 жылдың қаңтар айынан - КСРО ПҒА дефектология ҒЗИ-ның кіші ғылыми қызметкері. 1974 жылдың қараша айынан - Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтының оқытушысы. 1977 жылдан - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аға оқытушысы, дефектология кафедрасының меңгерушісі, арнаулы педагогика кафедрасының доценті. 1992 жылдан бері - Ұлттық ғылыми-практикалық коррекциялық педагогика орталығының бас директоры (2006 жылдан - «Коррекциялық педагогиканың Ұлттық ғылыми-тәжірибелік орталығы» ҚР, 2009 жылдан - «САТР орталығы» ЖШС (ақыл-ой және дене кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік адаптация және кәсіби-еңбек реабилитациялау орталығы).

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларға әлеуметтік және медико-педагогикалық коррекциялы қолдау көрсету туралы» Заңын дайындау жұмыс тобы жетекшісінің орынбасары (1999-2002). Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының диссертациялық кеңес мүшесі (2002 жылдан). ҚР Парламентінің Мәжілісі жанындағы қоғамдық эксперттер Палатасының мүшесі. «World Association for Infant Mental Health», «Қазақстан Үкіметтік емес ұйымдар конфедерациясы» (ҚҮҰК), «Азаматтық Альянс» қауымдастықтарының мүшесі. «Ерен еңбегі үшін» (2002), Ы. Алтынсарин атындағы медальдарымен, ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. ҚР білім беру ісінің озаты. 63 жыл бұрын (1951) Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Графикалық дизайн» кафедрасының оқытушысы, график-кескіндемеші ДҮЗЕЛХАНОВ Ағымсалы Дүзелханұлы дүниеге келді. Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1996). 1976 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1982 жылы В.И.Суриков атындағы Мәскеу көркемсурет институтын бітірген. Қолданбалы графика, плакат, кітап безендіру, кескіндеме, портрет жанрларында еңбек етеді. Тарихи, фольклорлық тақырыптағы және балаларға арналған 200-ден астам кітапты, әлеуметтік және тарихи тақырыптағы 50-ден астам плакатты безендірген. «Томирис», «Сақтар», «Айман - Шолпан», «Қыз Жібек», т.б. литографиялардың «Алтын сарбаз», «Түркістан», «Ордабасы», «Көроғлы», «Оғыз хан», т.б. кескіндеме жанрындағы туындылардың авторы. Сондай-ақ, оның «Абылай хан», «Әбілқайыр хан»,»Әйтеке би», «Қазыбек би»,»Төле би», «Қорқыт» тәрізді портреттер сериясы бар. Қазақстанның ұлттық ақшасы - теңгені безендірушілердің бірі. «Жоғалған ұйқы» қуыршақты мультфильмінің қоюшы-суретшісі болған. Дүзелханов Қазақстан Мемлекетінің сыйлығын (2002), Абай, Әлішер Навои атындағы сыйлықтарының иегері. Туындылары Қазақстанның және шетелдердің өнер мұражайларына қойылған.Кітап және қондырғылы графика саласында жұмыс істейді. Д. А. Б. Есмахановпен бірігіп жасаған 1990 жылға арналған «Абай» плакат-күнтізбесі «Өнер» баспасынан 1989 ж. жарық көрген. Ташкентте өткен еларалық конкурста арнайы дипломымен наградталған.