19 жастағы Қостанай тұрғыны қол сөмкесінде марихуана сақтап келген
АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Өткен аптада Орталық ІІД қызметкерлері бірқатар есірткі қылмыстарының бетін ашты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Қостанай стансысының перронында қаланың 19 жастағы тұрғыны қолға түсті. Қыз баланың қол сөмкесін тексеру барысында 100 грамм шамасындағы «кептірілген марихуана», яғни есірті заты салынған орама табылып, тәркіленді. Сол жерде 36 жастағы қостанайлық ер адам қолға түсіп, «кептірілмеген марихуана» түрінің 400 граммы тәркіленді.