19 желтоқсанда елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM – Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі ертең (19 желтоқсан) Қазақстанда өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.

АСТАНА
08:30-де Конгресс орталықта «Жасыл және тұрақты облигацияларды әзірлеу және шығару: саясат, практика, верификация» тақырыбында семинар өтеді.
09:00-де Атамекен кәсіпкерлер палатасының елордалық филиалында ауыр салмақты автокөліктерге қатысты ҚР заңнамасына ұсынылған өзгерістерге арналған баспасөз конференциясы өтеді.
09:30-да «Алтын Орда» бизнес орталығында «Жасанды интеллект: оны заң шығармашылық үдерісінде қолдану және нормативтік қызметтегі автоматтандырылған қоғамдық мониторинг жүйелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
09:30-да Park Inn қонақ үйінде Қазақстандағы топырақтың ластануы және деградациясы мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтеді.
09:30-да Hilton garden INN қонақ үйінде «Электр энергетикасы саласындағы отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау шаралары» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.
10:00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы басталады.
14:30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы» атты баспасөз мәслихаты өтеді.
17:00-де ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтеді.
19:00-де «HAS SANAT» өнер галереясында заманауи жапон графикасы «Фудзияма құпиясы» көрмесінің ашылуы өтеді.