1918 жылға дейін туғандардың ғана A/H1N1 вирусына иммунитеті бар - ғалымдар
АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат -Тек 1918 жылға дейін туған адамдар ғана шын мәнінде A/H1N1 вирусына қарсы иммунитетке ие. Сейсенбі күні арнайы баяндама жасаған Токио университетінің жанындағы медициналық ғылымдар институтының ғалымдары осындай қорытынды жасады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігінің сілтеме жасап.
Ғалымдар арнайы қан банкінен 1895 жылдан кейін туған 216 адамның қан сынамаларын алды. Жүргізілген талдаулар1999 жылы, «доңыз тұмауы» таралғанға дейін алынған қан сарысуының үлгілеріне жасалған. Осы зерттеу, жаңа вирусқа қарсы иммунитетке тек жасы 90-нан асқандар ғана ие екенін көрсеткен.
Ғалымдар бұл жайт, жаңа тұмаудың 1918 жылы өршіген «испанка» тұмауына ұқсас екендігімен түсіндіріп отыр. «Испанка» тұмауынан кезінде әртүрлі есептер бойынша, 25 миллионнан 40 миллионға дейін адам қаза тапқан болатын. Яғни, «испанка» тұмауымен ауырғандарда жаңа тұмауға әсер ететін антитела қалыптасуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шілденің 6-сындағы мәліметтері бойынша, әлемнің 135 елінде адамдардың A/H1N1 тұмауын жұқтырудың 94 512 оқиғасы тіркеліп отыр, ал 429 адам індет салдарынан көз жұмған.