1936 жылғы Нобель медалі Нью-Йоркте саудаға түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1936 жылы Карлос Сааведре Ламасқа табысталған Нобель сыйлығы бәссаудаға түседі. Ол Аргентинаның сол кездегі сыртқы істер министрі қызметін атқарған, деп хабарлады Би-Би-Си.
None
None

Алтын медальді коллекционер Оңтүстік Америкада кездейсоқ тауып алған. Ламасқа бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы Чак соғысы деген атпен танылған Парагвай мен Боливия арасындағы үш жылдық әскери қақтығысты тоқтатуда жасаған әрекеті үшін берілген. 23 караттан тұратын медаль ұзақ жылдар бойы жоғалған деп саналып келген. Бәссауданы ұйымдастырушылар ол үшін 100 мың доллар алуды көздеп отыр.

Соңғы жаңалықтар