1995 ж. тамыз. «ҚазАқпарат» ХАА (ҚазТАГ): Абай мұрасы - біз әлі бітірмеген университет

АСТАНА. ҚазАқпарат (ҚазТАГ) - Қазақстанға үлкен той келді. Республика ұлы Абай Құнанбайұлының туғанына 150 жыл толғанын атап өтуде. Тамыздың 8-і күні басталған Ұлттық ғылым академиясы жалпы жиналысының мерейтойлық сессиясында Абайдың шығармашылық мұрасы мен оның қазақ халқының өмірінде кемеңгер ақын-ағартушы, рухани ұстаз, гуманист, философ ретінде атқарған шын мөніндегі революциялық рөлі туралы айтылды.
None
None

Сессияны Ұлттық ғылым академиясының президенті Кенжеғали Сағадиев ашты.

Содан кейін Премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мерейтойлық сессияның қатысушыларына жолдауын оқып берді.

Баяндамашылар - академиктер Жабайхан Әбділдин, Манаш Қозыбаев және басқа сөз сөйлегендер, олардың арасында Шыңғыс Айтматов, Иран сыртқы істер министрі Ал Акпар Велаяти, Түркия Президентінің кеңесшісі Намык Кемал Зайбек, Украина Премьер-министрінің орынбасары, Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Иван Курас Абай Құнанбайұлының Науайы, Наизами, Иассауи, Гете, Байрон, Пушкин тәрізді әлемдік әдебиеттің жарқын жұлдыздары қатарынан орын алатынын атап өтті.

Абай өз шығармашылығы арқылы, деді олар, өмірге деген жаңа көзқарастың калыптасуына жағдай жасады - ағарту, даму, еңбек тәрізді жаңна өмірдің негізгі принциптерінің бір қатарын өзі түжырымдап берді.

Негізінен көшпелі өмір салтын кешкен, қиыр үлттық аймақта оқудың, білім алудың қажеттігі, оның жеке адамның қалыптасуына негіз болатындығы туралы, адамның адамгершілік қасиеттерінің жетілуіне солардың көмектесетіні туралы, бұл әлемді жақсарту үшін оқу мен білімнің қажеттігі туралы түңғыш рет қазақтарға өсиет қалдырған ақын өмір сүрді.

Ал, Абайша, бақыт деген не? Батыр болу, билік құру, бай болу ғана емес, бәрінен бүрын ары таза, нағыз қастерлі адам бола білу ғанибет, деп есептеді ол. Рас, бұл әлемде кедейлік пен байлық, қайырымдылық пен қастандық бар екені рас. Бәрі де сенің өз қолыңда, деп түсіндірді данышпан. Ол габиғаттың, адамның сұлулығын жыр етіп, олардың өзара ажырағысыз байланыста және жарасымда болатындығын түсіндіруге тырысты. Құдай оларды сүйіспеншілікпен жаратқан, сондықтан да өзі бүкіл адамзатты қадірлеуіміз керек.

Абай өз бойына үш ұлы бастаудың нәрін жинағандықтан - өз халқының рухани өмірін, Шығыс поэзиясын, орыстың, сол арқылы Батыстың әдебиетін терең сіңіргендіктен ұлылыққа жетті, деп атап көрсетілді. Ол Пушкиннің, Гетенің, Байронның шығармаларымен жақсы танысып, оларды ана тіліне аударды. Абайдың өзі өскен ортасы да маңызды рөл атқарды. Оның әкесі Құнанбай ақылдылығы, білімі, терең ойлап - терең тұжырымдай білетіндігі үшін көбіне қажы аталып жүрді. Ал Абайға анасы Ұлжан мен әжесі Зеренің бейнесі мейірімділігімен қымбат. Семейде ол көптеген саяси жер аударылғандармен жақын танысып, олар мұны қалыптасқан ақын ретінде тани білді.

Бұрынғы КСРО мектептерінде білім берудің сыңаржақтығы қазақ тілінің жойылып кетуіне дейін қатер төндірді. Ал халық сүйіп қастер тұтқан ұлы Абай әрқашанда оның қорғаны болып келді, десті шешендер. Ал қазір ол өзінің ізгілікті өсиеттерімен егеменді ел болуымызға шарапатын тигізуде.

Мерейтойлық сессия өз жүмысын тамыздың 9-ында одан әрі жалғастырды.

Анатолий ШЕВЕЛЕВ,

ҚазТАГ тілшісі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум