2 ақтөбелік банкоматтан 13 млн.-нан астам теңге ұрлады

АҚТӨБЕ. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - 6 желтоқсанға қараған түні Ақтөбеде банкоматтан ірі сомада қаражат ұрланды.
None
None

ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, белгісіз біреулер іштен жабылатын терезенің металл жақтауларын сындыра отырып, мекеменің терезесін ашып, дүкенге кірген. Бұзақылар банкоматтың артқы жағын сындырып, 13 млн. 146 мың теңге сомасында қаражат ұрлаған.

Бұл қылмысты жасады деген күдікпен 23 және 45 жастағы екі ақтөбелік ұсталды.

ІІБ-ның аға тергеушісі Данат Маматовтың сөзіне қарағанда, күдіктілерден банкоматта купюраларды сақтау үшін контейнер мен 513 мың теңге ақша алынды.

Қазіргі уақытта бұл факті бойынша тексеру амалдары жүргізілуде, олар уақытша ұстау абақтысына қамалды.

Соңғы жаңалықтар