2 қараша күнгі ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат – 2 қарашада Қазақстан аумағының басым бөлігінде атомосфералық фронттардың әсерінен құбылмалы күн райы сақталады. Онымен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

2 қараша күнгі ауа райы болжамы

Республика бойынша – тұман, екпінді жел, батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте – көктайғақ, солтүстік-батыста жаяу бұрқасын болжанады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз қатты жаңбыр күтіледі.