2 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

АСТАНА. KAZINFORM – 2 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Тоқаев
Фото: Ақорда

Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады.

Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.

Бұған дейін Мемлекет басшысы мұнай-газ саласының қызметкерлерін марапаттау рәсіміне қатысқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар