2 қыркүйекте доллар мен теңгені қаншадан айырбастауға болады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар 455,00 теңгеден сатып алынады, 462,00 теңгеден сатылады
- еуро: сатып алу — 525,99 теңге, сату — 535,99 теңге;
- рубль: сатып алу — 5,10 теңге, сату — 5,30 теңге;
- юань 68,53 теңгеден сатып алынады, 72,51 теңгеден сатылады.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар: сатып алу — 458,61 теңге, сату — 460,99 теңге;
- еуро: сатып алу — 530,61 теңге, сату — 535,90 теңге;
- рубль 5,18 — 5,32 теңге аралығында саудаланады.
- юань 68,54 — 70,88 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 1 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,12 теңгеге түсіп, 458,45 теңге болды.