2 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдар уақытша жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 наурыз сағат 9:20 ақпаратқа сәйкес 2 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазавтожолға сілтеме жасап хабарлайды.
None

Абай облысында «Алматы-Өскемен» тасжолының Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралығында және «Өскемен-Семей» тасжолының Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Семей қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысында «Алматы-Өскемен» тасжолының Абай облысының шекарасынан Қасым Қайсенов кентіне дейінгі аралығында және «Өскемен-Семей» тасжолының Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.


Соңғы жаңалықтар