20-дан астам жамбылдықтар Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ –Облыс әкімі Бөрібай Жексембин жамбылдықтарды айтулы Жеңіс күні мерекесімен құттықтады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Тоғызыншы мамыр ? біздердің бәріміз үшін ең қастерлі күн. Міне, 64 жылдан бері әлем елдері адамзат тарихындағы ең қанды соғыстағы жеңісті атап өтіп келеді.Жеңіс оңайға түскен жоқ. 29 миллионға жуық кеңес адамдарының өмірі қиылды. Әрбір қазақстандық отбасы майданға әкелерін, ұлдарын, бауырларын аттандырды. Жауға жаудырылған ажал оғының әрбір екінші-үшіншісі Қазақстанда даярланды.Жамбылдық жауынгерлер де ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Олар ? Бауыржан Момышұлы, Ақеділ Сухамбаев, Ибрагим Сүлейменов, Николай Белашов, Сәду Шәкіров және т.б. Олардың ұзын саны 20-дан асады.Біздер аға ұрпақтың ерлік істеріне тағзым етеміз!Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы басым бағыттарды орындай отырып, дағдарыс кезеңіндегі барлық қиыншылықтарды да жеңетін боламыз», ? деді әкім.
Соңғы жаңалықтар