20 елден 2500 қатысушы: Алматыда City Run жарысының биылғы маусымы мәресіне жетті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы – AIMS халықаралық іс-шаралары өтетін Қазақстандағы жалғыз қала: City Run 2025 жылғы маусымды аяқтады

20 елден 2500 қатысушы: Алматыда биылғы маусымның соңғы City Run мәрелік жарысы өтті
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен City Run жарысы өтті, бұл шара 2025 жылғы жүгіру маусымын қорытындылады.

16 қарашада Алматыда 20 елден келген 2 500 қатысушы жиналған маусымның мәрелік жарысы өтті.

20 елден 2500 қатысушы: Алматыда биылғы маусымның соңғы City Run мәрелік жарысы өтті
Фото: Алматы әкімдігі

Жүгірушілердің қатарында мегаполистің тұрғындары мен қонақтары, соның ішінде Щучинск қаласынан 91 жастағы Салиха Зигангерова және алматылық 88 жастағы Дузу Мавлютова болды. Мәреге жеткендердің барлығы естелік медальдар алды.

2025 жылғы жүгіру маусымы 40 мыңнан астам қатысушының басын қосты, олардың 18 мыңға жуығы әйелелдер, өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 20% -көп болды. Сондай-ақ тіркелген шетелдік қатысушылар қатары да ұлғайған.

20 елден 2500 қатысушы: Алматыда биылғы маусымның соңғы City Run мәрелік жарысы өтті
Фото: Алматы әкімдігі

Маусымның маңызды оқиғасы 60 елден 16 149 қатысушыны жинаған 14-ші Almaty Marathon болды. Биыл жүгіру жолының негізгі рекордтары жаңартылды: ерлер – 2:19:38, әйелдер – 2:41:24. Алғаш рет 1500 адам 42,2 шақырым марафон қашықтығын игерді.

Алматы жарыстары AIMS халықаралық марафондары мен жүгіру жарыстарының күнтізбесіне енген еліміздегі жалғыз қала.

20 елден 2500 қатысушы: Алматыда биылғы маусымның соңғы City Run мәрелік жарысы өтті
Фото: Алматы әкімдігі

Мұндай көпшілік іс-шаралар қалалық спорт мәдениетін нығайтады, бұқаралық спортты дамытады және жергілікті бизнесті қолдайды. Зерттеу деректері бойынша, демалыс күндері өтетін марафонға қатысушылар екі күнде шамамен 8 млн теңге жұмсайды екен. Ал серіктес компаниялардан түскен салық соңғы төрт жылда үш есеге жуық – 318,9 млн теңгеден 873,9 млн теңгеге дейін өскен. Қала сыртындағы жүгірушілердің 80%-ға жуығы Алматыға қайта келуді жоспарлап отыр.

20 елден 2500 қатысушы: Алматыда биылғы маусымның соңғы City Run мәрелік жарысы өтті
Фото: Алматы әкімдігі

Айта кетейік, Евгений Кошкин конькимен жүгіруден әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде алды.

Соңғы жаңалықтар