20 қазанда өтетін Қазақстандағы маңызды оқиғаларға шолу

Астана қаласында сағат 9:00-де «The St. Regis Astana» қонақ үйінде «Технология - ғылым мен бизнестің интеграциясындағы құрал» тақырыбындағы форум өз жұмысын бастайды. Жиынға қатысушылар ғылым мен ғылыми техникалық қызметтің даму нәтижесін сөз етеді.
Сағат 10:00-де ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында «Ағылшын құқық имплементациялық ережесінің негізінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын жетілдіру» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Шараны ұйымдастырушы - ҚР Әділет министрлігі мен «Қазақстан Республикасы Заңнама институты» ММ.
Осы күні сағат 10:00-де алғаш рет балалар арасында «Жеңістерге бірге» атты паралимпиялық ойындар басталады. Сайыстың ұйымдастырушысы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры. Сайысқа ел өңірлерінен қатысатын балалар волейбол, шахмат, қоңыраумен қашықтыққа жүгіру, жүзу, арбада билеу секілді жарыс түрлерінен бақ сынайды. Сайыс Оқушылар сарайында өтеді.
11.30-да ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев журналистермен кездеседі. Аймақ басшысы БАҚ өкілдеріне аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму нәтижесі мен перспективасы, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» көрмесінде ұсынылған технологиялар жайлы айтып беретін болады.
12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысының 9 айдағы қорытындысы жарияланады. Ведомствоның есебімен вице-министр Светлана Жақыпова таныстырады.
13.30-да «RADISSON ASTANA» қонақ үйінде «Қазақстан заңгерлер одағының» республикалық съезі өтеді. Оған Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ-лардың өкілдері қатысады.
Қазанның 20-22 күндері «StartupWeekend» үшінші марафоны өткізіледі. Шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Астана Innovations» АҚ ұйымдастыруда. Стартап-марафон Астана қаласының экожүйесінің инновациялық дамуына бағытталған. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтармен қатар, Біріккен Араб Әмірліктеріне жолдама беріледі. Стартаптың жүлде қоры 500 мың теңге: 1-орынға 250 мың теңге, 2-орынға 150 мың, 3-орынға 100 мың теңге. Шара «Royal Park Hotel» отелінде болады.
20 қазан күні «Ұлттық аударма бюросы» Еуразия интеграция институтымен бірлесіп, қазіргі замандағы аударманың теориясы мен тәжірибесіне арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді. Конференцияға Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, әлемдегі кітабы көп аударылған авторлардың бірі Реми Хесс (Франция) қатысады.
Сонымен қатар 20 қазан күні Жамбыл облысында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдығы тойланады.
Ал Қостанай облысында 14.00-де аймақ басшысы Архимед Мухамбетовтің қатысуымен Қостанай прокуратурасының жанындағы құқық қорғау органдары орталығының ашылу салтанаты өтпек. Орталықта тұрғындарға заңнамалық кеңестер берілетін болады.
Солтүстік Қазақстан облысында сағат 11.00-де аймақтық коммуникациялар орталығында «Заңнамалық статистика органдары мен арнайы тіркеулердің 9 айдағы жұмыс қорытындысына» арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
15.00-де М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Жанат Жақияновты қолдауға арналған фильмнің тұсаукесері өтеді. Онда ЖОО студенттері боксшының 21 қазанда Белфастта өтетін жекпе-жегіне қолдау білдірмек.
Солтүстік Қазақстан облысында іссапарда жүрген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев 20-21 қазан күндері әлеуметтік және жұмыспен қамту бөлімі мен Мемлекеттік кіріс департаменті, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының және т.б. мекемелердің жұмыстарымен таныспақ.