20 млн теңге пара алған: Ақтау қалалық сотының төрағасына қатысты тергеу аяқталды

АҚТАУ. KAZINFORM — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының төрағасы мен жеке сот орындаушысына қатысты тергеуді аяқтады.

Антикор спорт саласындағы жемқорлық мәселесін тексереді
Фото: Kazinform

Дерекке қарағанда, олар алаяқтық жасады және сотталушыны үкім шығарған кезде жазасын жеңілдету үшін 20 млн теңге көлемінде пара беруге итермеледі деп айыпталуда.

- Ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында Бас прокуратура айыпталушыларды сотқа берді.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп жазылған ақпаратта.

Айта кетейік, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Соңғы жаңалықтар