20 жалған кәсіпорын тіркеп, мемлекетті 2 миллиард теңгеден астам шығынға отырғызған қылмыстық топ құрықталды
>қаржыны қолма-қол ақшаға ауыстыру үшін құрылған көптеген жалған кәсіпорындарды анықтады.
Бұл мәселеге байланысты мәліметтермен бүгін Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның мәліметтеріне қарағанда, Атырау облысында В.Кедрин атты азамат 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол заңсыз түрде қаржыны қолма-қол ақшаға айырбастаумен айналысатын «Индиго-Глобал» атты жалған кәсіпорын құрып, мемлекетті 110 миллион теңгеге шығынға отырғызған. Ал Ақтөбеде ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеттері әшкереленді. Олар 2006-2009 жылдар аралығында өзге азаматтардың атына 33 жалған кәсіпорын тіркеп, мемлекетке
1,5 миллиард теңгеге шығын келтірген. «Жалған кәсіпкерліке тән кең тараған әрекеттердің қатарына жалған мәмілелер немесе келісімдер жасау әрекеттерін де атауға болады. Осындай әрекетпен Қостанайдағы «Азияпромстиль» және «Плазма-Д» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің директоры В.Пугач 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол «Генезис» деген атпен жалған кәсіпорын тіркеп, сол арқылы көптеген коммерциялық ұйымдармен келісімдер жасаған. Нәтижесінде мемлекетке салынбаған салық 1 миллиард 341 миллион теңгені құрады. Ал Ақтөбеде қылмыстық топ өкілдері 20 жалған кәсіпорынды тіркеп, олардың есеп-шоттары арқылы ешқандай тауарсыз операциялар жүргізген. Нәтижесінде мемлекет 2 миллиард 110 милллион теңге салықтан қағылды», деді ресми өкіл.