20 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы

Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 20 желтоқсан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

 аңдатпа
Фото: Kazinform

10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де Radisson Hotel қонақ үйінде «Kazakhstan Kids Online» зерттеуінің нәтижесі жарияланады.

12.00-де «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерге арнайы әлеуметтік төлем енгізу туралы» баспасөз мәслихаты өтеді.

12.00-де ҚазҰӨУ Орган залында «Sanremo Junior Kazakhstan» – аты аңызға айналған Италиядағы Сан-Ремо қаласында «Sanremo Junior 2024», ән байқауына қатысу үшін ұлттық іріктеу кезеңін ұйымдастырушылармен ресми брифинг өтеді.

14.45-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Түркі академиясы «Бауырластық тамыры: тұлғалар ғибраты» халықаралық конференциясын өткізеді.

15.00-де «Айша бибі» қонақ үйінде Астана қаласының бас жоспары туралы брифинг өтеді.

15.00-де «Астанагенплан» ғимаратында қалалық қоғамдық кеңестің отырысы өтеді.

18.00-де Ұлттық музейде «Құсбегіліктен жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған республикалық оқу-әдістемелік семинары» шеңберінде республикалық құсбегілік федерациясының жылдық қорытынды конференциясы өтеді.

Соңғы жаңалықтар