20 жыл ішінде Алматы облысында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі едәуір өсті

Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Бағдат Әлиев хабарлағандай, 2011 жылы 264, 8 млрд. теңгеге ауыл шаруашылық өнімдері шығарылмақ. Облыс бойынша, тұтастай алғанда 1 млн. 177 мың тонна көлемінде рекордтық астық жиналған. Оның әр гектарынан орташа 25 центнерден өнім алынды. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен едәуір жоғары.
Өткен жылмен салыстырғанда, картоп, көкөніс, жеміс пен жидек егістері алқабын тамшылата суару 1,9 есеге өскен. Ауыл шаруашылығы техникасының паркі жаңартылған, тек ағымдағы жылы олардың 600 бірлігі сатып алынған.
«Биыл 17 мың тонна жеміс пен көкөністі сақтауға болатын қазіргі заманға сай қойма салынды. 106 жеміс-көкөніс қоймасының сыйымдылығы 120 мың тоннаны құрап отыр», - деп түсіндірді Б.Әлиев.
Бүгінгі күні облыста көлемі 36 гектар аумақтағы 473 жылыжай бар, 19 гектар алқап аумағындағы 112 жылыжайдың құрылысы жүріп жатыр, оның жалпы көлемі 70 гектарға жеткізілмек.