20 жыл Тәуелсіздіктің жолында. Тәжірибе. Өтіл - Ақтөбедегі дөңгелек үстел

қараша. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева / - Бүгін «Нұр Отан» ХДП бөлімшесінің ғимаратында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «20 жыл Тәуелсіздіктің жолында. Тәжірибе. Өтіл » атты дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шараны облыстың ішкі саясат басқармасы және Ақтөбе педагогикалық институты ұйымдастырып отыр.
None
None

Дөңгелек үстелге мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, білім, мәдениет саласының өкілдері, сондай-ақ партияның, этномәдени бірлестіктердің қызметкерлері мен жастары қатысты.

Отырыста 20 жылдағы саясаттағы, экономикадағы, сонымен қатар әлеуметтік саладағы Қазақстанның жетістіктері талқыланды. Оған қоса, республикамыздың және Ақтөбе облысының даму келешегі мен көкейкесті мәселелері сөз болды.

Соңғы жаңалықтар