2000 жылдары берілген: Қапшағай жағалауындағы жер телімдері тексеруден өтіп жатыр
ҚОНАЕВ. KAZINFORM — Алматы облысында пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтарылады.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Қапшағай су қоймасы жағалауында орналасқан жалпы ауданы 7 788 гектар болатын 82 жер телімі арнайы тексеруден өтті. Оның ішінде:
* 60 учаске — жекеменшік иелікте, 21 — жалға берілген, 1 — тұрақты жер пайдалану құқығында;
* 36 учаске мақсатты түрде пайдаланылып жатыр (құрылыстар салынған, мал шаруашылығы жүргізіледі);
* 9 учаске бойынша Жер ресурстарын басқару департаменті (ЖРБД) жұмыс істеп жатыр;
* 22 учаске бойынша материалдар жолданған;
* 8 учаскеге нұсқама берілген;
* 2 учаске сотта қаралып жатыр;
* 4 учаске бойынша сотқа жіберу үшін материалдар дайындалып жатыр;
* 1 учаске мемлекет меншігіне қайтарылды.
— Аталған учаскелердің басым бөлігі 2000-жылдары, яғни Су кодексі күшіне енбей тұрып берілген. Қазіргі таңда олардың берілу заңдылығы да тексеріліп жатыр. Қонаев қаласында да пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, мемлекетке қайтару ісі қарқынды жүріп жатыр. 2023–2025 жылдары жалпы ауданы 11 мың гектар болатын 115 жер телімі бойынша материалдар ЖРБД-ға жолданған. Оның 50-іне нұсқама берілсе, қалғандары бойынша жұмыс жалғасады, — деп хабарлады әкімдіктен.
Еске салайық, бұған дейін павлодарлық зейнеткер сот шешімімен жерін қайтарып алғанын жазғанбыз.