2005 жылғы астықтан жасалған «Шато Петрюс» шарабы ғасырдың үздік шарабы деп танылды

АСТАНА.  Қарашаның 18-і.  ҚазАқпарат  - Әлемнің атақты дегустаторлары   2005 жылғы    астықтан   жасалған  «Шато Петрюс»   шарабын    соңғы 100  жылдағы  ең   үздік  шарап     деп таныды, 

2005 жылғы   астықтан жасалған  «Шато Петрюс»   шарабы    ғасырдың    үздік  шарабы    деп  танылды

деп   хабарлады ИТАР-ТАСС агенттігі.

Помероль  ауданындағы  шаруашылықтар дайындаған  шараптың  дәмін    дегустаторлар   жексенбі күні  Лондондағы   атақты  Винтнес-холда    татты.

Дегустацияға қатысу  үшін британ елордасына әлемнің үздік мамандары келді. Олар,  помероль   шараптары  үшін 2005 жылдың  ерекше  жыл болғаны   және  бірінші кезекте,   атақты «Нато  Петрюс»    маркалы    шарап  үшін ерекше жыл болған деген   түйінге келді.

Дегенмен,     шарап әуесқойлары 2005 жылғы   «Шато Петрюстің»  дәмін     2019   жылдан бастап тата алады.  Оған дейін   шарап     бөшкелерде     сақталып,   бабына келеді.  Мамандар,     бабына келген  соң  бұл   шараптың   шөлмегі  20 мың   доллардың  шамасында  болады деп шамалайды.