17:50, 26 Қыркүйек 2011 | GMT +5
2007 жылдан бері ұлттық қордың қаржысы екі есеге артты - Қ.Келімбетов
ТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Дағдарыс жылдарында экономиканы қолдауға бағытталған күш ретінде ұлттық қордың қаржысы пайдаланылды. 2007 жылдан бері аталмыш қордың мөлшері оны пайдаланғанымызға қарамастан екі есеге өсті»,- деді бүгін Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов.

Бұл туралы ол бүгін Парламент Мәжілісінде өткен «Бірыңғай экономикалық кеңістікке интеграциялану және әлемдік экономиканың турбуленттілігі жағдайында Қазақстан Республикасының ортамерзімдік экономикалық саясатының негізгі аспектілері» атты дөңгелек үстел отырысында мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, ұлтық қордың қазіргі мөлшері 40 миллиард доллардан асып жығылады. Ал еліміздің халықаралық резервтері 76 миллиард доллардан асты. «Бұл біздің экономикамыздың қорының мол екендігін, соған қарай экономикамыздың беріктігін көрсетеді»,-деді Қ.Келімбетов.