2008 жыл еліміздің тоғыз өңірінде айлық жалақыны төлеу бойынша кредиторлық қарызға жол берілді - Б. Жәмішев

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2008 жыл еліміздің тоғыз өңірінде айлық жалақыны төлеу бойынша кредиторлық қарызға жол берілді.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкіметтегі селекторлық кеңесте Қаржы министрі Болат Жәмішев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Кредиторлық қарызға тоқтала отырып, еліміздегі тоғыз өңірінде айлық жалақыны төлеу бойынша кредиторлық қарызға жол берілгеніне тоқталғым келеді. Мемлекет бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің айлық жалақысын ұлғайту туралы шаралар қабылдап жатқан қазіргі жағдайда жалақы бойынша қарызға жол берілгенін тиімсіз деп санаймын», - деді отырыста Б. Жәмшев. Оның айтуынша, айлық жалақы бойынша Жамбыл облысы- 653 млн. теңге, Павлодар - 394 млн. теңге, Шығыс Қазақстан облысы - 61 млн. теңге, Ақмола облысы 33,6 млн. теңге қарыз. «Осыған орай барлық облыстардың әкімдерінен мемлекеттік мекемелердің ғана емес, сонымен бірге бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақыны төлеу мәселесін бақылауға алуды сұраймын»,- деді ол.
Соңғы жаңалықтар