18:18, 20 Қаңтар 2009 | GMT +5
2008 жылдағы өрт оқиғаларында 501 адам қаза болды - Өрт қызметі жөніндегі комитеті
АСТАНА. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2008 жылда республикада орын алған өрт оқиғалары нәтижесінде 501 адам қаза болды.

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен 2008 жылдың қорытындысына арналған алқа мәжілісінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өрт қызметі жөніндегі комитетінің төрағасы Серік Әубәкіров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның сөзіне қарағанда, елімізде орта есеппен жыл ішінде орын алатын 18,8 мың өрт оқиғалары нәтижесінде орташа есеппен 600 адам қаза болады. Одан келетін шығын 6 млрд. теңгеге тең. «2008 жылы республика аумағында 19 мың 98 өрт оқиғасы орын алып, материалдық шығынның көлемі 6 млрд. 138 млн. теңгені құрады», - дейді С. Әубәкіров.