2008 жылдың 11 айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 101,2 млрд. доллар болды

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2008 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 101,2 млрд. доллар болды.
None
None
Бұл 2007 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 39,9 пайызға көп. Бүгін Астанада өткен Индустрия және сауда министрлігінің былтырғы жылдың қорытындысына арналған алқасы барысында таратылған баспасөз баянында осылай айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ондағы мәліметтер бойынша, 2008 жыдың 11 айында экспорт 2007 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 57,2 пайызға ұлғайған. Экспорттың жалпы көлемінде минералдық өнімдердің, металдар мен одан жасалған бұйымдардың, жануар және өсімдік текті өнімдердің, дайын азық-түлік тауарларының үлес салмағы барынша көп болған. «2008 жылдың қаңтар-қараша айларында импорт 2007 жылдың тиісті кезеңіндегіден 15,1 пайызға артып, 34,3 млрд. доллар болды. Ресей, Қытай, Германия және АҚШ Қазақстанға импорттық өнімдерді негізгі жеткізушілер болып табылады», делінген баспасөз баянында. Хабарламада атап көрсетілгеніндей, былтыр импорттың жалпы көлемінде машиналардың, жабдықтардың, көлік құралдарының, аспаптар мен аппараттардың, минералдық өнімдер мен металдардың және одан жасалатын бұйымдардың үлес салмағы басымдау болған.
Соңғы жаңалықтар