20:30, 08 Қаңтар 2009 | GMT +5
2008 жылғы Үкіметтің қызметі: көлік, индустриялық-инновациялық жобалар
АСТАНА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат – 2008 жылы Үкімет қызметіндегі басым бағыттар қандай болды? Осы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері қандай? ҚазАқпарат оқырмандар назарына көлік, индустриялық-инновациялық жобалар туралы ақпараттық-анықтамалық материалдарды ұсынады.
Көлік. Халықаралық транзитті дәліз одан әрі дамуға ие болды. Өткен жылы 579 шақырым республикалық маңызды автожол пайдалануға берілді.2008 жылдың қазанында «Астана-Шортанды» автожолының 215 шақырымына арналған 6 жолақ бойынша қозғалыс ашылды. Жобаның толық аяқталуы 2009 жылға жоспарланған.2008 жылы азаматтық авиацияда:
- Ақтөбе қаласының әуежайында жолаушылар терминалы пайдалануға берілді;
- Алматы қаласында халықаралық әуежайдың екінші әуе қону жолағы пайдалануға берілді;
- Астана қаласында біріктірілген әскери-үйлестіру орталығы (аэронавигация) ашылды.***
Индустриялық-инновациялық даму саласындаІс-шара жоспарына сәйкес «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында мемлекет бизнесті тарта отырып, экономиканың басым шикізат емес салаларын қалыптастыруға және дамытуға бастамашы болады.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша болашағы жоқ және жұмыс жүргізілмеген жобаларды жою мақсатында серпінді жобаларға талдау және өзектендіру жүргізілді. Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде Бағдарлама іске асырыла бастағаннан бері 7 жоба пайдалануға берілді.Осы жобаларға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 1,5 млрд. АҚШ долл. астам соманы құрады.