2008 жылы Ақтөбе облысында 15,7 мың жаңа жұмыс орны ашылды

АҚТӨБЕ. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысының әкімдігі дағдарыстық құбылыстардың әсерін жеңілдету үшін аймақ кәсіпорындарында қызметкерлердің еңбекпен қамтылуына ұдайы мониторинг жүргізіп отырады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша, өңірдің 72 кәсіпорнымен қызметкерлердің еңбек құқықтарын және кепілдіктерін қамтамасыз ету жөнінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Биылғы жылдың басына дейін 15 кәсіпорында ішінара жұмыспен қамтылғандар саны 149 адамды құрады, 48 қызметкер қысқартылған жұмыс кестесі бойынша еңбек етеді, 101 адам еңбекақысы ішінара сақталып, мәжбүрлі еңбек демалысында жүр.Жұмыстан босатылған немесе жұмыс орны қысқартылған азаматтар бюджет есебінен қайта кәсіптік даярлықтан өтуде, білімдерін жетілдіруде. 2009 жылға арналған жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздарды оқыту және оларды жаңа мамандықтарға қайта даярлау мақсаттарына 300 миллионнан астам теңге қаралып отыр.Өткен жылы облыс экономикасының әртүрлі салаларында 15,7 мың жаңа жұмыс орыны ашылды.
Соңғы жаңалықтар