12:55, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
2008 жылы елімізде 70,6 млн. тонна мұнай өндірілді ? С. Мыңбаев
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2008 жылы елімізде 70,6 млн. тонна мұнай және газ конденсаты өндірілді. Бұл 2007 жылмен салыстырғанда, 4,8 пайызға артық. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен селекторлық кеңесте ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің сөзіне қарағанда, мұнай өнімдерін тұтыну бойынша бензинді пайдалану 6,9 пайызға өссе, дизель отыны ? 12,3, керосин ? 15 және мазутты қолдану көрсеткіші 3,3 пайызға көтерілді. Елімізде электр қуатын өндіру деңгейі 4,8 пайызға өсіп, 80,5 млрд. Кв/сағ-ты құрады. Ал халықтың тұтыну көрсеткіші ? 80,6 Кв/сағ-қа тең болды. «Сондай-ақ елімізде көмір өндіру деңгейі 10,6 пайызға өсіп, бүгінде 7 млн. 370 мың тонна көмір қоры жасақталған», - деді С.Мыңбаев.