2008 жылы инфляциялық үдерістер бәсеңдеді - Ұлттық банк

АЛМАТЫ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ – 2008 жылы Қазақстанда инфляциялық үдерістердің бәсеңдеуі байқалды. Бұл туралы Ұлттық банктің бүгін жариялаған қорытынды есебінде мәлім болды,

2008 жылы инфляциялық үдерістер бәсеңдеді - Ұлттық банк
деп хабарлайды ҚазАқпарат. 2008 жылдың қорытындысы бойынша инфляция 9,5 пайыз деңгейінде қалыптасқан. Бұл 2007 жылдың тиісті көрсеткішінен (18,8 пайыз) 2 есе төмен. Бағалар өсуінің бәсеңдеуі тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулердің барлық тобы бойынша байқалған. Әсіресе, азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша 2007 жылғы тиісінше 26,6 және 10,5 пайызбен салыстырғанда 10,8 пайыз және 5,7 пайыз болды. Ақылы қызмет көрсетулер 11,4 пайызға қымбаттады (2007 жылы ? 15,4 пайыз). Ақылы қызмет көрсету бағаларының бәсеңдеуі тұрғын үй-коммуналдық саласы қызмет көрсету тарифтерінің өсу қарқыны 2007 жылғы 18,4 пайыздан 2008 жылы 8, 9 пайызға дейін арзандаған. Ал денсаулық сақтау мекемелерінің қызмет көрсету бағалары мен тарифтері 16,1пайызға өскен. (2007 жылы ? 22,0%). Бұл ретте көлік қызметі де 14,8 пайызға қымбаттады.