2008 жылы Қазақстанда 105 миллион тоннаға жуық көмір өндірілді - С. Мыңбаев

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2008 жылы Қазақстанда 105 миллион тоннаға жуық көмір өндірілді. Бұл 2007 жылмен салыстырғанда 12 пайызға артық. Бұл туралы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2008 жылдың қорытындысына арналған алқасында министр Сауат Мыңбаев айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, осылайша соңғы 10 жылда елімізде алғаш рет көмір өндірудің 100 миллиондық межесі еңсерілген. Министр көмір өндіру саласының сенімділігін арттыру мақсатында «Самұрық-Қазына» қоры «Богатырь Аксесс Көмір» ЖШС сынды аса ірі компанияның 50 пайыз акциясын сатып алғанын еске салды. Оның айтуынша, 2009 жылы бұл салада қандай да бір түбегейлі жаңа шешімдер қабылдау көзделіп отырған жоқ. Республикамыздың көмірге деген ішкі сұранысы толық қамтылуы тиіс.
Соңғы жаңалықтар