2008 жылы Қазақстанда 105 миллион тоннаға жуық көмір өндірілді

АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Өткен 2008 жылы Қазақстанда 105 миллион тоннаға жуық көмір өндірілді. Бұл көрсеткіш 2007 жылмен салыстырғанда 12 пайызға артық.
None
None
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Былтыр Үкімет көмір өндірісіне қатысты тұжырымдаманы қабылдаған болатын. Бұдан басқа біз өткен жылы көмір өндіру саласының сенімділігін нығайта түсу мақсатында «Самұрық-Қазына» қоры арқылы «Богатырь Аксесс Көмір» ЖШС компаниясының 50 пайыз акциясын сатып алғанбыз. Сондықтан да, 2009 жылы көмір өндірісінде ешқандай да кешенді өзгерістер мен жаңа түбегейлі шешімдер қамтылмайды. Дегенмен де, бұл салада баға, тасымал мәселесі, уақытылы төлемдер жасау секілді ағымдағы шараларға назар аударатын боламыз. Сонда республика бойынша ішкі сұраныс толық қамтылады», деді министр. Тоқтала кететін жайт, 2008 жылы соңғы 10 жылда елімізде алғаш рет көмір өндірудің 100 миллиондық межесі еңсеріліп, 105 млн. тоннаға жетті.
Соңғы жаңалықтар