2008 жылы «Қазтелеком» компаниясының таза пайдасы 31 млрд. теңгеден асты

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2008 жылы «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының таза пайдасы іс жүзінде 2007 жылмен деңгейлесіп, 31 млрд. 381 млн. теңгені құрайды деп болжануда.
None
None
Бұл туралы бүгін Астанада Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде «Қазтелеком» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, алдын ала деректер бойынша 2008 жылы компанияның жинақталған кірісі 164 млрд. 390 млн. теңгені құрады. Бұл 2007 жылмен салыстырғанда 3 пайызға жоғары. Ал салық салу және тозу бойынша кіріс көрсеткіші 46 млрд. теңгені құраған.
Соңғы жаңалықтар