2008 жылы республика бойынша бюджетке түсетін салық және төлемдер берешегі 80,9 миллиард теңгені құрады - Салық комитеті

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бизнес ортаның іскерлік белсенділігінің төмендеуі төлемдердің жиналуына әсер етті. Бұл туралы бүгін Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, 2008 жылғы қаңтардың 1-індегі жағдайға қарағанда, жалпы республика бойынша бюджетке түсетін салық және төлемдер берешегі 80,9 миллиард теңгені құрады. Берешектік мәселесін шешу бағытында салық органдарының негізгі жұмыстары жалған кәсіпкерліктің жолын кесу шараларын күшейтуге арналатынына тоқталған комитет төрағасы, «осыған байланысты тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе жалған кәсіпкерлікке тосқауыл қою мәселесі бойынша заң жобасы әзірленді. Қазіргі кезде аталған заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді», деді.
Соңғы жаңалықтар