2008 жылы Тәртіптік кеңес ұсынымдары негізінде 1 мың 665 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның 63-і қызметінен босатылған

АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2008 жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Тәртіптік кеңесінің шығарған ұсынымдары негізінде 1 мың 665 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 63 тұлға атқаратын қызметтерінен босатылған.
None
None
Бұл туралы бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде өткен алқа мәжілісінде Агенттік төрағасы міндетін атқарушы Арын Өрсариев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Өткен 2008 жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Тәртіптік кеңесінің ұсынымдары бойынша 253 саяси мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл 2007 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есе көп. Ал жалпылама тұрғыдан алғанда, Тәртіптік кеңестің шығарған ұсынымдары негізінде 1 мың 665 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 63 тұлға атқаратын қызметтерінен босатылды», деді А. Өрсариев. Оның айтуына қарағанда, 2008 жылы Агенттіктің Тәртіптік кеңесі ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін бұзу фактілеріне орай заңды және жеке тұлғалар тарапынан келіп түскен 5 мың 614 өтінішті қараған. Бұл өтініштер бойынша 1 мың 285 тексеру, сондай-ақ Тәртіптік кеңес бастамалары бойынша 2 мың 984 тексерулер жүргізілген
Соңғы жаңалықтар