2008 жылы заңсыз айналымнан 95 миллион теңгенің контрафакті өнімдері алынды - Әділет министрлігі

АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2008 жылы заңсыз айналымнан 200 мыңнан астам контрафакті өнімдер алынды.
None
None
Олардың жалпы құны 95 миллион теңгені құрады. Бұл туралы бүгін Астанада Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен Әділет министрлігінің алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Зағипа Балиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Әділет министрлігінің негізгі мақсаттарының бірі - ДСҰ стандарттарына сәйкес зияткерлік меншік құқын қорғау шараларын қамтамасыз ету мәселелері, деп тоқталған министр, «осы мақсат аясында сәйкес заң жобасы әзірленіп, Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынылды», деді. З. Балиеваның айтуынша, аудио өнімдері мен фонограммалардың, бағдарламалар және мәліметтер базаларын тек дүкендер мен сауда үйлерінде таратуды қарастыратын ішкі сауда ережелеріне өзгерістер енгізілді.
Соңғы жаңалықтар