2009-2010 жылдары шикізаттық сектордың кірістері Ұлттық қорға аударылмай, экономиканы жаңғыртуға бағытталады - Елбасы

АСТАНА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2009-2010 жылдары шикізаттық сектордан түсетін кірістер Ұлттық қорға аударылмай бірден Қазақстан экономикасын жаңғыртуға жұмсау қажеттігін айтты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жолдауда Қазақстан ең қиын жылдарда елордасы Астананың шаңырағын көтергеніне тоқталған Елбасы: «Осы тәжірибеге сүйеніп қиыншылықтарға қарамастан жаңа секіріс жасайық. Иә, жаңа қаржы қажет, осы мақсатта шикізаттық сектордың дәстүрлі түрде Ұлттық қорға аударылған кірістерін 2009-2010 жылдары жаңа жоспарларды жүзеге асыруға бағыттауды дұрыс деп есептеймін. Тұтастай алғанда Ұлттық қордан бекітіліп қойған трансферттерге қосымша бұл шамамен 600 млрд. теңгені құрайды. Бұл уақытша, алайда қажетті шара. Бұл ретте мен бізде бүгінгі күні бар 47 млрд. доллар жиынтық резервтің сақталатынын атап өткім келеді. Бұл бізге мына дағдарыс жалғаса қалған жағдайда сенімділік пен орнықтылық береді», деді Елбасы.
Соңғы жаңалықтар