2009 жыл ? облыста Ана мен баланы қорғау жылы болып жарияланды

АҚТАУ. Қаңтардың 3-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Маңғыстау облысында 2009 жыл - Ана мен баланы қорғау жылы боп жарияланды. Бұл шара өңірдегі ана мен сәби өлімінің жоғарғы көрсеткішін азайтуға бағытталып отыр. Өткен жылдың қаңтар-қазан айында облыста 1 жасқа дейін 235 бала шетінеген,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.«ҚР Президенті жанындағы әйелдер және отбасы ісі жөніндегі Ұлттық комиссияның патронажымен өтетін аталмыш шара еліміз бойынша ілкі жоба ретінде қарастырылып отыр. Осының аясында, облыс әкімінің тапсырмасымен, 150 төсектік Аймақтық ана мен баланы қорғау орталығы құрылысының жобасын жүзеге асыруды жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Жаңаөзен қаласы мен Бейнеу ауданында перзентханалар салу, облыстық перинатальды орталық жанынан босануға көмектесетін қосымша 60 орын ашу жоспарда бар», дейді басқарма директорының кеңесшісі Ақмарал Ізмұратова.Сондай-ақ, биыл Ақтау қаласында 300 төсектік көпсалалы аурухананың, 100 төсектік облыстық онкологиялық диспансердің және облыстық қан орталығының құрылысы басталмақ. Денсаулық сақтау саласында институционалдық өзгерістер жүргізіліп, медицина қызметкерлері шарушылық жұмыстардан босатылатын болады. Шаруашылық саласы мамандандырылған кәсіпорынның аутсорсингіне берілген соң, ақ халаттылар тек қана емдеу-алдын алу жұмыстарымен айналысатын болады.
Соңғы жаңалықтар