18:33, 30 Қаңтар 2009 | GMT +5
2009 жылда қала тазалығы мәселесін түбегейлі шешуге болады ? Үкімет басшысы
АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Дағдарыс жағдайында бүгінгі қала тазалығы мәселесін түбегейлі шешуге болады. Бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2008 жылдың қорытындысына арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Келесі аптада өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында бүгінгі қала тазалығы мәселесін көтеретіндігі туралы айта келе, Үкімет басшысы осыған байланысты барлық әкімдерге тиісті тапсырмаларды беретіндігін жеткізді. «Ағымдағы жылды қала тазалығына арнап, осы іске қоғамдық жұмыстарды кеңінен тартуға болады. Дағдарыс бұл бір жағынан үлкен мәселе болса, екінші жағынан ол елдегі қордаланып қалған проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. Сондықтан біз биыл қала тазалығы мәселесіне баса назар аударуымыз қажет. 2009 жылда бұл мәселені түбегейлі шешуге болады», - деді К.Мәсімов. Үкімет басшысы атап көрсеткендей, аталған іс-шараларға жұмыссыздыққа жақын жүрген азаматтар кеңінен тартылмақ.