21:23, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
2009 жылда отандық туризм саласының тұрақтылығын қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі болмақ ? Т.Досмұхамбетов
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Ағымдағы жылы біздің басты міндеттеріміздің бірі – отандық туризм саласының тұрақтылығын қамтамасыз ету болмақ.
Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен алқа мәжілісінде ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Өткен жылы біз еліміздегі дене шынықтыру және спорт бағытының, сондай-ақ туризм саласының нормативтік-құқықтық базасын жетілдіріп, республикадағы отандық туризм инфроқұрылымын дамытуға, елдің туристік беделін қалыптастыруға және бұқаралық спортты насихаттауға ерекше басымдық бердік. 2008 жылда министрліктің осы іс-шараларды қамтыған бюджеті 26,7 млрд. теңгені құрады», - деді Т.Досмұхамбетов.Еліміздің спорт саласындағы өткен жылдың жетістіктерін атап өткен министр: «2009 жылда біз қол жеткізген жетістіктерімізді сақтап, еліміздің туристік саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге тырысамыз. Бұл біздің жұмысымыздың негізгі бағыттардың бірі болмақ», - деді ол.