2009 жылдың 10 айында Қарағанды облысында теміржолда 40-қа жуық апатты оқиғаға жол берілді - Көліктік бақылау комитеті

ҚАРАҒАНДЫ. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ -   2009   жылдың  10   айында       Қарағанды  облысында   теміржол көліктерінде  38  апатты оқиға  орын  алды. 

2009 жылдың 10 айында Қарағанды  облысында  теміржолда 40-қа жуық  апатты  оқиғаға  жол берілді  -  Көліктік бақылау  комитеті

Көлік және    коммуникациялар  министрлігі  Көліктік бақылау комитетінің  төрағасы Әділет Барменқұлов    аймақтың   көлік инфрақұрылымын дамыту  мәселесіне  арналып  Қарағанды   облыстық  әкімдігінде өткен    кеңесте  осындай мәлімет келтірді.

Комитет  жетекшісінің  пікірінше,   жылдан жылға   қайталанып  келе жатқан  апаттардың   басты себебі -    теміржол   кәсіпорындарының әкімшілік  тарапынан      әлсіз бақылануы.  «Тасымалдау  үдерісінің    тәуелсіз коммерциялық қатысушыларының  қызметі    көбіне қозғалыс қауіпсіздігіне      шығын  келтіріп жатады.  Атап айтқанда,    ағымдағы жылы Қарағанды облысында   жоғарғы  құрылымдарының  қанағаттанарлықсыз жағдайларына байланысты,     алты   кәсіпорынға     өткел  жолдарын    пайдалануға   тыйым  салынды», - деп атап  көрсетті   А.Барменқұлов.

Көліктік   бақылау комитетінің   мәліметтері  бойынша,  2009 жылдың  10 айында    Қарағанды облысында   жүргізілген тексерулердің  барысында 63 теміржол  кәсіпорнында   қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзудың   1700-ден астам   факті    анықталды.

Теміржолдағы бақылауды күшейту   мақсатында,  кеңесте     қауіпсіздік  мәселелері   бойынша қадағалау  органдарының басын біріктіретін   жұмыс тобын   құруға  келісім жасалды.