11:51, 02 Наурыз 2009 | GMT +5
2009 жылдың ақпан айында азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылдың ақпанымен салыстырғанда 8,6 пайызға өсті
АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2009 жылдың ақпан айында азық-түлік тауарларының бағасы 2008 жылдың ақпанымен салыстырғанда 8,6 пайызға өсті.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Агенттік мәліметтеріне сәйкес, 2009 жылдың ақпан айында 2008 жылдың ақпанымен салыстырғанда жеміс-жидек бағасы 3,6 пайызға, кондитерлік өнімдер 10,2 пайызға, сүт және алкогольсіз ішімдіктер 10,5 пайызға қымбаттаған. Сонымен бірге, осы кезеңдегі көрсеткіштер бойынша жарма бағасы 12,3 пайыз, ұн - 9,6 пайыз, нан бағасы 5 пайыз, алкогольді ішімдіктер - 13,2 пайызға өскен.
Есепті кезеңдегі ет пен ет өнімдеріне бағаның көтерілуі 7,7 пайызды құраса, оның ішінде шошқа еті 16,2 пайызға, шұжық өнімдері 13,5 пайызға, жылқы еті 7,2 пайызға, қой еті 3,4 пайызға, ал құс еті 0,2 пайызға қымбаттаған.