2009 жылдың қаңтар айында еңбекпен қамту органдары 9 мың 425 адамды жұмысқа орналастырды

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -2009 жылдың қаңтар айында еңбекпен қамту органдары 9 мың 425 адамды жұмысқа орналастырды.
None
None
Бұл туралы «Қазақстан Республикасындағы халықты жұмыспен қамтудың өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстелде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Әбденов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінгі күні республикамыздағы халық саны 15,7 млн. адамды құраған болса, бұның ішінде 8,4 млн. адам экономикалық белсенді халық болып табылады. Оның ішінде еңбекпен қамтылғандар саны 7,9 млн. адам шамасында. Соңғы жылдардағы ғаламдық қаржы дағдарысының салқыны да жұмыссыздық деңгейіне әсер етіп отыр. Мәселен, 2005 жылдардан бергі көрсеткіштерден жұмыссыздар санының төмендеуін байқаған болсақ, 2009 жылдың қаңтарында жұмыссыздар саны 0,3 пайызға өсіп, 580 мыңнан астам адамды құрады. Сонымен бірге, жұмыспен қамту органдары тарапынан да тиісті шаралар атқарылып жатыр. Мәселен, 2009 жылдың қаңтар айында еңбекпен қамту органдары 9 мың 425 адамды жұмысқа орналастырды. 701 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 11 мың 350 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды», - деді С. Әбденов. Сонымен бірге, өткен жылдан бастап ірі кәсіпорындармен меморандумдарға қол қою бастамасы жүзеге асып жатқанын айтқан вице-министр, дағдарысқа байланысты жұмысынан босап қалуы мүмкін еңбеккерлерге қатысты мониторинг жүргізілетінін атап өтті. Вице-министрдің сөзіне қарағанда, өткен жылдан бері жұмыс орындарын сақтау жөніндегі меморандумға еліміздің 4 мың 92 кәсіпорны қол қойған. Бұл нысандарда 700 мыңға жуық адам еңбек етеді.
Соңғы жаңалықтар