15:01, 16 Ақпан 2009 | GMT +5
2009 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджет табысы 4 трлн. 034,4 млрд. теңгені, шығындар ? 3 трлн. 394,1 млрд. теңгені құрады
АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2009 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік бюджет табысы 4 трлн. 034,4 млрд. теңгені,
шығындар ? 3 трлн. 394,1 млрд. теңгені құрады. ҚР Статистика агенттігінің ай сайын шығаратын Әлеуметтік-экономикалық дамудың қысқаша қорытындылары жөніндегі журналында осылай көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Агенттік мәліметтеріне қарағанда, 2009 жылғы қаңтардағы республикалық табыс 2008 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 39,7 пайызға, шығын 26,7 пайызға артқан. Сонымен бірге, 2008 жылдың III-ші тоқсанында кəсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық қорытындылары табыс ретінде 1 трлн. 536,7 млрд. теңге сомасында қалыптасқан. Бұл 2007 жылғы сəйкес кезеңдегі деңгейден 63,5 пайызға жоғары. Ал екінші деңгейдегі банктердің экономика саласына салған кредиттік салымдары 2008 жылғы желтоқсанның соңына қарай 7 трлн. 454,1 млрд. теңгені құрады, бұндағы ұзақ мерзімді кредиттердің үлесті салмағы 80 пайызға тиесілі болып отыр. Оның ішінде шетел валютасындағы кредиттер - 44,1 пайыз. Сондай-ақ банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 5 трлн. 408,6 млрд. теңгені құрап, 2007 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 39,6 пайызға артық болды. Ал халықтық депозиттері 2,8 пайызға өсіп, 1 трлн. 472,9 млрд. теңгені құрады.