13:18, 02 Қаңтар 2010 | GMT +5
2009 жылғы жастар тәжірибесіне қатысушының әрбір 5-шісі тұрақты жұмысқа қабылданды
АСТАНА. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 2009 жылы жастар тәжірибесі шеңберінде кәсіпорындарға жіберілген жоғары және арнайы оқу мекемелерінің 50 мың түлегінің әрбір 5-шісі оқуын аяқтағаннан кейін тұрақты жұмысқа қабылданды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еңбек нарығын тұрақтандыру, өңірдің еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету және дағдарысқа қарсы бағдарлама негізінде кадрларды қайта дайындау үшін жергілікті атқару органдары жұмыспен қамту және жұмыстан босау ықтималдығы картасын әзірледі. Осы орайда жастардың жұмыспен қамтылу мәселесіне ерекше назар аударылды.
2010 жылғы Жол картасы шеңберінде жастар тәжірибесін ұйымдастыруға қаржы бөлу қарастырылған.