2009 жылы экономика Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең төменгі деңгейде болады - Халықаралық валюта қоры

ВАШИНГТОН. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Әдия Алтынғазина/ - Халықаралық валюта қоры экономикалық өсудің қарқынына қатысты өз болжамын қайта қарап шығып,
None
None
2009 жылы экономика Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең төменгі деңгей шамасында болады деп пайымдап отыр. Сарапшылардың бағалауынша, жаһандық жалпы ішкі өнім 2009 жылы 0,5 пайызға ғана өседі. Құрама Штаттарда жалпы ішкі өнімнің құлдырауы - 1,5 пайызды, еуроаумақта ? 2 пайызды, Жапонияда - 2,5 пайызды құрайды. Ал Қытайда экономикалық өсудің көрсеткіші - 6,5 пайызға, Үндістанда 5 пайызға дейін баяулайды деп болжануда. Ресейде өндіріс көлемі 0,7 пайызға, ТМД елдерінде 0,4 пайызға кемиді. Жаһандық дағдарыстың беті 2010 жылы ғана қайта бастайды деп күтілуде. Экономикалық дамудың іс жүзіндегі көрсеткіштері дағдарысты еңсеру жөніндегі мемлекеттік шаралардың тиімділігіне байланысты болады.
Соңғы жаңалықтар