12:51, 12 Қаңтар 2010 | GMT +5
2009 жылы экономиканың жеке сегменттерiндегі бағалар бiршама өзгердi
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2009 жылы экономиканың жеке сегменттерiндегі бағалар бiршама өзгердi,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.
«Өткен жылдың ішінде тұтыну тауарларына және қызмет көрсетулерге бағалар 6,2 пайызға өсті. Өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнім - 31 пайызға, ауылшаруашылық өнiмі - 12,7 пайызға арзан болды», делінген агенттіктің бүгін таратқан хабарламасында. Агенттіктің мәліметінше, жыл ішінде құрылыстағы бағалар 4,5 пайызға, жүк көлігі қызметтеріне тарифтер - 1,3 пайызға өсті. Заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қызметтері 0,2 пайызға арзандады.