2009 жылы инфляция 11 пайыз деңгейінде болады ? Г. Марченко

АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Ұлттық банктің болжамы бойынша 2009 жылы инфляция деңгейі бақыланатын шеңберде, 11 пайыз деңгейінде болады.
None
None
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр-Отан» ХДП фракциясының отырысында Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Девальвация жағдайында ағымдағы тұтыну себетіндегі импортты құрайтын бірқатар тауарлардың қымбаттауы күтіледі. Жалпы алғанда, тұтыну себетіндегі импорт тауарлары 30 пайыз шамасында болып отыр. Ал азық-түлік емес тауарлардағы импорт 32,3 пайыз. Дегенменде, теңгені 25 пайызға дейін девальвациялау импорттық тауарлар бағасының соншалықты қымбаттауына әкеліп соқпайды. Оның үстіне, дүкендердегі тауарлардың басым қорлары доллардың ескі бағамы бойынша сатып алынған. Ал азық-түлік тауарларының көпшілігі ішкі нарықта өндіріледі. Сондықтанда, күнделікті тауарларға баға өспеуі тиіс», деді Г. Марченко. Оның айтуынша, теңге девальвациясы отандық тауар өндірушілердің баға қалыптастыруына айтарлық әсер етпеуі шарт. Ал қазақстандық тауарға сұраныстың артуы бәсекелестікті жандандыра түседі. «Осы айтылғандарды сараласақ, ақпан айында инфляцияның шапшаң түсуі байқалғанымен де одан кейінгі айларда жағдай тұрақты болады. Бұл нарықтағы жағымсыз құбылыстарды төмендетеді. Жалпы біз 2009 жылы инфляция бақыланатын шеңберде, 11 пайыз деңгейінде болады деп болжап отырмыз», деді Г. Марченко.
Соңғы жаңалықтар