2009 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ-нің оқу орындарына талапкерлерді іріктеу мәселелері бойынша интернет-конференция өтті

АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат - Ақпанның 26-сында Ішкі істер министрлігінің сайтында оn-line режімінде Интернет-конференция өткізілді. 2009 жылы Ішкі істер министрлігінің оқу орындарына талапкерлерді іріктеу мәселесі бойынша ұйымдастырылған бұл шараға вице-министр Қалмұханбет Қасымов және Кадр жұмысы департаментінің басшылығы қатысты.
None
None
ҚазАқпаратқа бұл туралы ведомствоның Тіл саясаты және ақпарат департаментінен хабарлады. Халықпен әңгімелесу барысында ішкі істер органдарының кадрлық қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ ІІМ-нің оқу орындарына іріктеу және қабылдау тәртібі талқыланды. ІІМ-нің оқу орындарына қабылдау жөніндегі проблемалар бойынша жалпы сұрақтармен, заңдық кеңес беру туралы өтініштермен қатар дене бітімі көрсеткіштері бойынша іріктеу нормативтеріне, ІІМ-нің оқу орындарына түсу үшін жиналатын балдың шамалық денгейіне, бейіндік пәнді таңдауға, қызметке орналастыруға қатысты сұрақтар қойылды.Әлеуметтік, зейнетақымен қамтамасыз ету, жалақыны арттыру және тәлімгерлік институтын жандандыру бойынша сұрақтар жеке блокпен келіп түсті. Барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.Интернет-конференцияларды өткізу халықпен тікелей және кері байланыс орнатуды қамтамасыз етеді және Ішкі істер министрлігінің ведомстволық оқу орындарында жоғары, техникалық және кәсіптік білімді тең алуға азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғау деңгейін арттыруға бағытталған.
Соңғы жаңалықтар