2009 жылы Салық комитеті түсімдер бойынша болжамның орындалуын қамтамасыз етпек

АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2008 жылы экономикада іскерлік белсенділіктің төмендеуіне байланысты салық түсімдері бойынша болжам орындалған жоқ.
None
None
Бұл туралы бүгін Астанада Қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Комитет мәліметіне қарағанда, корпоративті табыс салығы 23,8 миллиард теңгеге орындалмады. Атап айтқанда, бұл қараша-желтоқсан айларында тау-кен секторындағы кәсіпорындар бойынша аванстық төлемдердің 10 есеге төмендеуі салдарынан болды. Сондай-ақ қосымша құн салығы 109,4 миллиард теңгеге немесе 14,6 пайызға орындалмаған. «2009 жылы салық органдарының алдында салық түсімдері бойынша болжам мәліметтерінің орындалуын қамтамасыз ету мақсаты тұр. Осы орайда жоғары нәтижене қол жеткізу үшін тиісті шаралар атқарылады», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар